Оралда сексен жаңа автобус сатып алынбақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Алдағы жылдың 1 мамырына дейін Оралда 80 жаңа автобус сатып алынбақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Орал қаласы әкімдігінде жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар басшыларымен өткен кездесуде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Айдар Меңеевтің мәлім еткеніндей, бұл облыс орталығында аталмыш қызметтің сапасын жақсарту мақсатында қолға алынған жұмыстардың жалғасы болмақ. Осы орайда қала әкімдігі халықаралық деңгейде автобус шығаратын «Голден Драгон Бас» ААҚ, «Русские автобусы», «Ютонг», «Daewoo Bus», «Higer Quazar» компаниялары өкілдерімен кездесулер өткізді.

БҚО жолаушылар тасымалдау қауымдастығының төрағасы Александр Бакланның сөзіне қарағанда, күні бүгін автобустарды алдағы жылдың бірінші жартыжылдығында несиеге сатып алу үшін екінші деңгейлі банктермен келісім жасалуда. Несие мемлекеттің қолдауымен 14 пайыздық мөлшерлемемен рәсімделетін болады. Жаңа автобустардың қай бағыттарға шығатыны әзірге белгісіз. А.Бакланның өзі басқаратын «Оралтехсервис» ЖШС 600 миллиондай теңгеге 20 автобус сатып алмақшы.
null 

Сол секілді «Ақжол авто» ЖШС басшысы Эльдар Вагапов 200 миллиондай теңгеге ресейлік 10 автобусқа қол жеткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар жаңа автобустар бір түсті болмақ.
null 

Еске сала кетейік, Орал қаласы автобустарында биыл электронды төлем жүйесі енгізіле бастады. 

Соңғы жаңалықтар