Оралда шағын футболдан дәстүрлі турнир мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Астана күніне орай шағын футболдан Орал гарнизоны әскери прокурорының кубогы үшін дәстүрлі турнир мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олимпиадалық жүйе бойынша өткен жарысқа барлығы сегіз команда қатысып, бақ сынады.

null

Орал гарнизоны әскери прокуроры, әділет полковнигі Алтынбай Раевтың айтуынша, аталмыш турнир әскери қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында жыл сайын Астана күніне орай ұйымдастырылып келеді. Әсіресе, жастар спортты серік етсе, ұтылмайтыны анық.

null

Тартысты өткен турнир қорытындысында ҚР ҰҚК шекара қызметі 2029-әскери бөлімінің командасы жеңімпаз атанды. Орал гарнизоны әскери прокуратурасы екінші, ҚР Ұлттық ұланы 5517-әскери бөлімі арнайы бөлініс жасағы командасы үшінші орынға ие болды.

Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, дипломдармен, ескерткіш медальдармен, ал үздік ойыншылар грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

null

Соңғы жаңалықтар