Оралда «Шале» клубы өртеніп кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін түс кезінде Жайық өзені жағалауында орналасқан «Шале» клубы өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт 800 метрдей аумақты қамтыды. Аталған ғимарат түгелдей жанып кетті деуге болады. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 65 адам, 19 техника жұмылдырылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын анықталу үстінде.