Оралда «Шалқар толқыны» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда республикалық «Шалқар толқыны» республикалық байқауының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда «Шалқар толқыны» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Биыл Теректі ауданында екінші рет ұйымдастырылған жас әншілер додасына республика өңірлерінен 26 үміткер қатысып, бақ сынады.

Екі кезеңнен тұратын байқау барысында үздік шыққандар іріктеліп, Шалқар көлінің жағасында болған гала-концертте өнер көрсетті.

Сайыс қорытындысында Теректі ауданының «Үш қоңыр» триосы бас жүлдені (400 мың теңге) жеңіп алды.

Маңғыстау облысынан келген Бақтылы Күнебаева бірінші (250 мың теңге), оралдық Тарас Жауымбаев екінші (150 мың теңге), түркістандық Өсербай Бөріханов пен астаналық Азамат Амангелдіұлы үшінші (100 мың теңгеден) орынға ие болды.

Сонымен қатар, ақтөбеліктер Ернар Дүйсеев пен Алмат Сматов, оралдықтар Рустам Хафизов пен Дамир Сатыбаев, Зеленов ауданынан Ахан Жекеков, Теректіден Ерхат Жақашев, Қазталовтан Асхат Нығметов дипломант атанды.

Қалған қатысушыларға алғысхаттар табыс етілді.

Теректі ауданының әкімі Кәрім Жақыповтың айтуынша, жас таланттарды қолдау бағытында қолға алынған байқау аясы жыл сайын кеңейе түсіп келеді.
null

Өткен жылы алғаш рет облыстық деңгейде ұйымдастырылған байқауға 13 жас әнші қатысса, биыл еліміздің өзге аймақтарынан да ат шалдырып келген үміткерлер сынға түсті. 

nullnullnullnull