Оралда Шамғон Қажығалиевтың 90 жылдығына орай дирижерлер байқауы мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда атақты дирижер, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері, профессор Шамғон Қажығалиевтің (1927-2015) 90 жылдығына орай ІІІ республикалық дирижерлер байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Екі күнге созылған сайыс барысында тоғыз үміткер Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрінің қатысуымен дирижерлік өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Айтулы додаға елге танымал өнер қайраткерлері Айтқали Жайымов (төраға), Жалғасбек Бегіндіков, Рахат Мадреев, Арман Жүдебаев, Еркін Нұрымбетов қазылық етті.
null 
null 

Байқау қорытындысында Маңғыстау облыстық Абыл Тарақұлы атындағы оркестрдің дирижері Әлібек Мұратов бас жүлдені жеңіп алды. Солтүстік Қазақстан облысынан келген Сегіз сері атындағы оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Қайырлы Ғафуров бірінші, БҚО эстрадалық-симфониялық және камералық оркестрінің дирижері Асхат Хасанов екінші, Оңтүстік Қазақстан облысы Сүгір атындағы оркестрдің бас дирижері Ерлан Дәуренбеков пен Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыка колледжі орыс халық аспаптар оркестрінің дирижері Айдос Меңдәлиев үшінші орынға ие болды.
null 
null 

Бүгін кешкісін облыстық қазақ драма театрында байқау жеңімпаз-жүлдегерлерінің және қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен гала-концерт өтеді.

null 

Соңғы жаңалықтар