Оралда студент қыз асылып қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 30 қазан күні сағат 08.00 шамасында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жатақханасының әжетханасынан 1996 жылғы қыздың мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оралда студент қыз асылып қалды

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұм асылып қалған. Ол осы университеттің 4-курсында оқып жүрген.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп, өлімнің себептері анықталуда.