Оралда тағы бір автокөлік өртенді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тағы бір автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 12.25 шамасында болды.

Т.Масин көшесі 65-үй маңында жеңіл көліктің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Кейін анықталғанындай, жүріп келе жатқан «ВАЗ-2110» автокөлігінің мотор бөлігі өртенген.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 7 адам, 1 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеңіл көліктің өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.