Оралда тағы бір бүлдіршін терезеден құлап кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда төрт жасар бала екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 09:54-те 5-шағын аудандағы бес қабатты үйде болды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар ұл бала екінші қабат терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Маңдай тұсы көгеріп, сол жамбасы сынған. Ішінен жабық жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 адам, 1 техника) барды», - деп хабарлады департаменттен.

Бұл – кейінгі екі күндегі екінші оқиға.

Еске сала кетейік, Оралда үшінші қабат терезесінен құлап кеткен 5 жасар баланың ауруханаға жатқызылғанын жазған болатынбыз.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, кешегі баланың жағдайы тұрақты. Иық сүйегі сынған, бас пен мидың жабық жарақатын алып, миы шайқалған.

«Бүгін терезеден құлаған бала тексерістен өтіп жатыр. Оның да жағдайы тұрақты», - деді А. Сақпосынова.


Соңғы жаңалықтар
telegram