Оралда тамақтан уланған 18 адам жұқпалы аурулар ауруханасына түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында кешеден бері тамақтан уланған 18 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оралда тамақтан уланған 18 адам жұқпалы аурулар ауруханасына түсті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, олардың біреуі - 8 жасар бала. Бәріне де өткір гастероэнтероколит деген диагноз қойылған, қазір жағдайлары орташа ауыр дәрежеде.

Олардың бәрі де кафеден тез дайындалатын чизбургер, гамбургер сияқты тамақтарды жеген.

Қазіргі кезде аурулармен қарым-қатынаста болған адамдар да тексерілуде.