Оралда теміржол вокзалы маңындағы дәмхана өртенді

өрт
Фото: БҚО ТЖД

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында теміржол вокзалы маңындағы демханадан өрт шықты.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 мамыр күні сағат 20.04-те Құрманғазы көшесі 179/1-мекенжайында болды. 

өрт
Фото: БҚО ТЖД

«20 шаршы метр аумақта мангал үй-жайы отқа оранды. Дәмхананың 23 қызметкері мен 23 келуші өздігінен оқиға орнынан шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20.27-де оқшауланып, 20.31-де толықтай сөндірілді. Оқиға орнында ТЖ департаментінің жеке құрамынан 28 адам 11 техникамен жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 53 адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз. 

өрт
Фото: БҚО ТЖД
Соңғы жаңалықтар