Оралда теплоходтың буксирі өртенді

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда теплоходта өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда теплоходтың буксирі өртенді

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Чапаев затонындағы «Кеме жөндеу зауыты» ЖШС ауданында «SELENGA» теплоходының буксир-итергіш бөлігі жанып жатқаны жөнінде сағат 09.30-да хабар түскен.

Барлығы 70 шаршы метрді қамтыған өрттің сағат 09.57-де беті қайтып, 10.37-де толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.

Оқиға орнына департаменттен 11 қызметкер 3 техникамен, сондай-ақ кезекші жедел тергеу тобының 4 қызметкері 1 техникамен барды.