Оралда тоғыз қабатты үйдің төбесінен 40 жастағы ер адам құлап кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тоғыз қабатты тұрғын үйдің төбесінен 40 жастағы ер адам құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 21 тамыз күні сағат 09.12-де Құрманғазы көшесі 150-мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйде болды.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде төбеден 1981 жылғы ер адам құлап кетіп, оқиға орнында мерт болды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жас жігіттің Жайық өзеніне батып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар