Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 119 адам эвакуацияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 119 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 119 адам эвакуацияланды

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 сәуір күні сағат 21.28-де Еуразия даңғылында болды.

Жатақхананың алтыншы қабатындағы 121-пәтер отқа оранды. Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды.


Оқиға орнынан 119 адам эвакуацияланса, соның 43-і – балалар.

«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен (24 адам, 6 техника) сағат 22.05-те ауыздықталды. Оқиға орнына құтқарушылар да (4 адам, 1 техника) барды.