Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 73 адам эвакуацияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 73 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 73 адам эвакуацияланды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Исатай-Махамбет көшесі 82/1-мекенжайында болды.

Сағат 03.27-де өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Барлау барысында бірінші қабаттағы қосалқы үй-жайда жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.

Жатақханадан 73 адам, соның ішінде 17 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 17 адам 6 техникамен қатысты.

Өрт сағат 04.09-да сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталу үстінде.