Оралда төртінші қабаттан құлаған бала тірі қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең сағат 10.15-те Орал қаласындағы Мұхит көшесі 95-үйдің төртінші қабатынан алты жасар ер бала құлап кеткен.

Оралда төртінші қабаттан құлаған бала тірі қалды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағалануда. Оның негізінен іш құрылысы зақымданған.

Қазіргі кезде бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде ем алуда.

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Ұқсас жаңалықтар

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды