Оралда Тойота көлігі бутикке соғылып, жүргізуші жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «Тойота» көлігі бутикке соғылып, жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 14 тамыз күні сағат таңғы 04.00-де Әбілқайыр хан даңғылында болды.

38 жастағы жүргізуші автокөліктің руліне ие бола алмай, «Мерей» базарының бутигіне соқтығысқан. Ол ішімдік ішпеген.

Жол апаты салдарынан жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазған

болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар