Оралда тұмауға қарсы вакцинаны кімдер тегін ала алады

Қазан айының бірінші күнінен бастап Батыс Қазақстан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы жоспарлы егу жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Вакцина
Фото: ҚазАқпарат

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары бойынша халықты вакцинациямен қамту 10 пайыздан кем болмауы керек.

Батыс Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі өңірге ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 150 мың дозасы сатып алынғанын хабарлады.

Кімге тегін екпе алуға болады:

медицина қызметкерлері;
жүкті әйелдер;
медициналық ұйымда есепте тұрған балалар;
балалар үйлері мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;
қарттар үйінің тұрғындары;
эпидемиологиялық себептер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдар.

Аллергиясы бар адамдар, алты айға дейінгі балалар және бірінші триместрдегі жүкті әйелдер вакцинацияланбауы керек.

Соңғы жаңалықтар