Оралда тұратын 102 жастағы майдангерге қос бірдей медаль табыс етілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың тапсырмасымен оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов Ұлы Отан соғысы және Ұлттық ұлан әскерінің ардагері Семен Данилиннің үйіне барып, қос бірдей медальды тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Подполковник Ерболат Сұлтановтың айтуынша, биыл күзде 103 жасқа толатын майдангерге «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына 25 жыл» және «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медальдарына қоса Ұлттық ұлан қолбасшылығы шығарған «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз» атты кітап табысталды. Бұл кітапта Семен Акимовичтің де өмірі мен ерлік жолы баяндалған.
null 

Курск облысында 1914 жылы 30 қыркүйекте дүниеге келген Семен Данилин әуелі Сталинград майданында шыңдалып, кейін Курск иініндегі қиян-кескі шайқастаға қатысады. 1942 жылы Брянск әскери-саяси училищесінің курсанттығынан 143-гвардиялық миномет полкы батальон командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасарлығына дейінгі жолдан өткен ол соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. Жеңісті Германия жерінде қарсы алған Семен Данилин соғыстан кейін әуелі Алматыда, кейін Қарағандыда ішкі әскерлер полкі командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары ретінде қызмет етті. Қызы Татьяна Оралда тұрғаннан кейін осында қоныс аударған Семен Акимович өзін әлі де тың сезінеді. Ол жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.
null 

«Біз ардагерлерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Олардың өмір жолын кейінгі буынға үлгі ету мақсатында кездесулер ұйымдастырылады. Әр мереке сайын үйлеріне арнайы барып, құттықтаймыз. Әскери бөлім қызметкерлері де айына екі-үш рет барып, қал-жағдайларын біліп, көмектесіп тұрады», деді М.Сатов.

Соңғы жаңалықтар