Оралда тұрғын үй өртеніп, 83 жастағы кейуана ауруханаға жатқызылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында тұрғын үй өртеніп, 83 жастағы кейуана ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 сәуір күні Желаев кентінде болды.

Сағат 08.44-те Шоссейная көшесі №8 мекенжайында тұрғын үйдің отқа оранғаны жөнінде хабар түскен.

Өрттің аумағы 120 шаршы метрді қамтыды.

Оқиға орнынан үй иесінің 1937 жылғы анасы жоғары қан қысымымен ауруханаға жеткізілді.

«Тілсіз жау» сағат 09.43-те оқшауланып, 10.12-де толықтай ауыздықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі (22 адам, 6 техника), медициналық апаттар орталығы (4 адам, 1 техника), Орал қаласы ТЖ басқармасы (1 адам, 1 техника) қызметкерлері жұмыс жасады.

БҚО ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керектігін тұрғындардың есіне салады.


Соңғы жаңалықтар