Оралда тұрғын үйде болған өрттен 90 жастағы кейуана қаза тапты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 10 қарашаға қараған түні сағат 01.53-те Еуразия даңғылы 49-үйдің екінші қабатындағы 64-пәтердің өртенгені жөнінде хабар түскен.
БҚО ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, өрт жалпы аумағы 4 шаршы метрді қамтып, жиһаз бен жеке бұйымдар жанған. Оқиға орнынан 1926 жылғы әйелдің мүрдесі табылды.
Қазіргі кезде өрттің себеп-салдарын анықтау үшін сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.