Оралда тұрғын үйде өрт болып, сегіз адам құтқарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда бүгін тұрғын үйде өрт болып, сегіз адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда тұрғын үйде өрт болып, сегіз адам құтқарылды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Жәңгір хан көшесіндегі бес қабатты №11 үйдің 86-пәтерінде жеке заттар мен  жиһаз жанып жатқаны жөнінде сағат 16.44-те хабар түскен.

Төртінші қабатта шыққан өрт аумағы 100 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан 8 адам құтқарылса, соның алтауы - бала. Оған қоса 25 адам шығарылды.

Өрт сағат 17.40-та сөндірілді.