Оралда тұрғын үйдегі өрт орнынан 51 жастағы тұрғынның денесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тұрғын үйдегі өрт орнынан 51 жастағы тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда тұрғын үйдегі өрт орнынан 51 жастағы тұрғынның денесі табылды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 қазан күні қалаға қарасты Серебряков кентінде орын алды.

Сағат 10.28-де Учительская көшесі 16-мекенжайында тұрғын үйде өрт шыққан. Ағаш еден мен диван (аумағы – 2 шаршы метр) жанған.

Өрт жөнінде 101 мен 112 нөміріне хабар түспеген.

Оқиға орнынан 1968 жылғы азаматтың денесі табылды.

Алдын ала болжам бойынша ол газдан уланған.

Өрттің бастапқы себебі – темекі тарту кезінде отпен абай болмау.

Оқиға орнына ТЖ (4 адам, 1 техника) және жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барды.