Оралда тұрғын үйдегі өрттен он адам құтқарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тұрғын үйдегі өрттен он адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оралда тұрғын үйдегі өрттен он адам құтқарылды

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға Ә.Молдағұлова көшесі 24-мекенжай бойынша бес қабатты үйде орын алды.

Қаладағы №2 өрт сөндіру бөліміне 25 қыркүйек күні сағат 22.17-де хабар түскен. Өрт 1969 жылғы азаматшаға тиесілі 15 шаршы метр пәтердегі жеке заттардың жануынан басталған.



Өрт сөндірушілердің уақтылы келіп жетіп, жедел әрекет етуінің нәтижесінде газдан иіс тиіп, орта дәрежеде уланған 2009 жылғы бала ауруханаға жеткізілді. Оған қоса 10 адам қауіпсіз жерге шығарылды.



«Тілсіз жау» сағат 23.17-де ауыздықталып, 00.22-де сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталуда.