Оралда тұрғын үйден 4 млн теңге жымқырған ұры ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тұрғын үйден 4 млн теңге жымқырған ұры ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ұры қожайындардың жоқтығын пайдаланып, қосалқы үй-жайдың торы жоқ кішкентай терезесін сындырып кірген.

«Күдікті 4 млн теңгеге қоса, алтын әшекей бұйымдарды үптеп кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы тұрғынды анықтап, қолға түсірді. Ол бұдан бұрын да осындай қылмысы үшін істі болған. Кейбір бұйымдарды арзан бағамен сатып үлгерген, қалғаны тәркіленді.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар