Оралда тұрғын үйлердің 57 пайызы қысқа дайын

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің 57 пайызы ғана (1322 үйдің 696-ы) дайындық құжатын алып отыр. Бұл туралы алдағы жылыту маусымына әзірлік мәселесі пысықталған, облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жиында сонымен қатар аудандардағы өрт оқиғалары, одан келген шығын, зардап шеккендерге  көмек туралы да әңгіме арқауына айналды. Бұл жөнінде БҚО ТЖ департаментінің бастығы міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов мәлім етті. Баяндамадан кейін өңір басшысы аудан әкімдеріне бірнеше сауал қойып, жауап алды.
null 

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің айтуынша, биыл жаздағы өрт 8647 га аумақты қамтыды. Дегенмен қысқа қажетті мал азығының 91 пайызы дайындалды. Шабындықтар өрттен аман. Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың сөзіне қарағанда, 36 жану оқиғасы және 1 дала өрті тіркеліп, оларды сөндіруге ерікті өрт сөндіруші жасақтар белсене қатысты. Қазір жағдай тұрақты, ауыл шаруашылығына залал келмеген. Бөкей ордасы ауданында 25 ірі қара, 250 орам және 1500 тайланып-буылған шөп өртке кетті. Қазіргі кезде жері отқа оранған шаруа қожалықтары басқа жерлерден шөп шабуда.

Жиында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев электр, газ, сумен қамту желілерінің қысқа дайындығы жөнінде баяндап берді. Өңірде электр қуатын тасымалдаумен «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ айналысатыны белгілі. Мұндағы желі ұзындығы 20437 шақырымға жетеді. Биыл компания қысқа дайындық жұмыстарына 239 млн теңге бөлген. Бұл қаржы подстанса, трансформатор және басқа жабдық-желілерді жөндеуге жұмсалуда. «Батыс су арнасы» ЖШС-да жөндеу жұмыстары әзірге 53 пайызға орындалған. Сол секілді «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-да газ құбырларын ағымдағы жөндеу мен қажетті жабдықты ауыстыруға 384 млн. теңге қаралған. Сондай-ақ білім нысандарының 85, денсаулық сақтаудың 99, мәдениет және әлеуметтік сала нысандарының 97 пайызы қысқа дайын. Қалған нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қысқа дайындық мәселелерімен танысқан облыс әкімі барлық әзірлік жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар