Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 қараша күні болды.

Биылғы мамыр айында дүниеге келген қыз түйреуіш жұтып қойған. Сәби сағат 23.10-да облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 42 жастағы еркектің қызғаныштан ашынасын өлтіргенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар