Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері пышақпен жүрген екі адамды ұстады

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері пышақпен жүрген екі адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері пышақпен жүрген екі адамды ұстады

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 5517-әскери бөлімінің кезекшілікте жүрген тобы қырағылық танытып, бір күнде екі адамды қолға түсірді.

Кешкі сағат 21.20 шамасында құрамында қатардағы жауынгерлер Жанболат Нұрханұлы, Нұржан Жамаладин және Тілеген Бепілұлы бар топ С.Тюленин көшесі бойындағы «Зодиак» дүкені маңынан сезікті адамды байқап қалады.

Топ басшысы Ж.Нұрханұлы оның құжаттары мен жеке заттарын қарауға шешім қабылдады. Күртесінің қалтасынан пышақ табылған ер адам полиция бөліміне жеткізілді.

Сол секілді «Солтүстік-шығыс» шағынауданында кезекшілікте жүрген Әнуар Иғманұлы, Александр Суханов және Әсет Қондыбаев Әбілқайыр хан даңғылы бойынан тәртіп сақшыларын көріп, қашпақшы болған ер адамның адымын аштырған жоқ. Куәлердің қатысуымен қараған кезде оның шалбарының қалтасынан пышақ шықты. Ол да қалалық полиция басқармасына тапсырылды.

Қоғамдық тәртіпті күзету кезінде қырағылық танытып, батыл іс-қимыл жасағаны үшін аталған жауынгерлер «Батыс» өңірлік қолбасшысымен ынталандырылды.