Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері жас жігітті қаруымен қолға түсірді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінің құрамында сержант Аңсарбек Аманжолов, қатардағы жауынгерлер Ержан Нәбиев пен Толғанбай Тұрғынбаев бар тобы жас жігітті қаруымен қолға түсірді.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл оқиға 10 қазан күні шамамен 21.40-та орын алды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетіп жүрген әскери қызметкерлер қаланың Солтүстік-шығыс шағынауданындағы №23 мектеп жанынан сытылып кетпек болған бір топ жігітті ұстайды. Олардың киімдерін қарау кезінде жас жігіттердің бірінің қалтасынан ұңғысы қысқартылған шолақ мылтық (тапанша) табылды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін ол сол бойда Орал қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Қырағылығы үшін аталған жауынгерлер ынталандыруға ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар