Оралда «Ұлықтаған ұлағаттың ұясын» атты кеш өтті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармонияның концерт залында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, ҚР мәдениет саласының үздігі Роза Исатаеваны құрметті еңбек демалысына шығарып салуға арналған «Ұлықтаған ұлағаттың ұясын» атты кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Роза Жақияқызын өмірдің маңызды бір белесімен өңір басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов құттықтап, облыс әкімінің алғысхатымен қоса «Кітап мәдениетіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Кеште Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, ақын Айтқали Нәріков, жазушы, Орал қалалық «Жайық үні» газетінің бас редакторы Мира Шүйіншәлиева, сондай-ақ М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректорлары Түймеш Дәрішева мен Ақылбек Сұлтанов және басқалар жылы лебіздерін білдірді.

null 

Шарада аталып өтілгеніндей, Роза Исатаева еңбек жолын 1977 жылы Н.Крупская (қазіргі Ж.Молдағалиев) атындағы облыстық кітапханада аға библиограф болып бастап, әдіскер, ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1989-2008 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми кітапханасына жетекшілік етті. 2008 жылдан бері Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананы басқарып келді. Ол басшылық еткен мерзімде университет кітапханасына заманауи технологияларды енгізу жұмыстары басталып, республикалық деңгейдегі көптеген шаралар өткізілді. Кейін Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың сирек кітаптар қорын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Кітапхана Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасының республикалық жобасына белсене қатыса отырып, әр елдің оқырмандарына өлкеге қатысты құнды әдебиеттермен кең көлемде танысуына мүмкіндік жасады.  Арнайы жоба негізінде Ресейдің шекаралас облыстарының кітапханашыларымен біріккен семинарлар және түрлі тақырыптарда ғылыми-тәжірибелік конференциялар, сондай-ақ өңір кітапханашыларының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында зерделі кеңестер ұйымдастырылды. Р.Исатаева облыстағы «модельді кітапхана» мәртебесін алған кітапханалардың қатарын көбейтуге де айрықша еңбек сіңірді.  Осындай қызметі үшін «Қазақстан Республикасы кітапхана ісінің шебері», «ҚР білім беру ісінің озаты», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанды. 

Соңғы жаңалықтар