Оралда үш автокөлік соқтығысып, үш адам ауруханаға жеткізілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда үш автокөлік соқтығысып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін шамамен сағат 12.00-де Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесінде болды.
Mitsubishi, Lada және KIA автокөліктері түйісті.
Соның салдарынан Lada автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі, Mitsubishi жүргізушісі мен жолаушысы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ер адамның ауылдасын ұрып өлтіргенін жазған болатынбыз.