Оралда үш тентек қалалық саябақта бұзақылық жасады
ОРАЛ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - 2 мамырға қараған түні Орал қалалық ішкі істер басқармасының кезекшілеріне орталық мәдениет және демалыс саябағында бұзақылық фактісі орын алды деген қоңырау түскен.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, белгісіз біреулер «Людмила» кафесінің маңында бұзақылық әрекетпен қалалық мәденинет және демалыс саябағының жарық беретін шамдарын, сондай-ақ стационарлық полиция бекетінің терезелерін сындырған.
Оқиға орнына жеткен Орал қалалық ішкі істер басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері үш бұзақыны құрықтады. Кейін бұзақыларды Абай полиция бөліміне жеткізіп, олардың еш жерде жұмыс жасамайтын, біреуі 1986 жылғы, бірі 1987 жылғы және 1989 жылы туылған Зеленов ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары екенін анықтады.
Бұзақылар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 330 және 355-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.