Оралда үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 1 қыркүйек күні 9-шағынауданда орын алды.

Бесінші қабаттан құлап түскен 2015 жылғы бала бас пен мидың ашық жарақатын алған.

«Қазіргі кезде бала қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Окулист, жақ-бет хирургі, реаниматологтың тарапынан кеңес берілген», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Соңғы жаңалықтар