11:57, 02 Қазан 2017 | GMT +5
Оралда волейболдан ҚР кубогының іріктеу кезеңі мәреге жетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда әйелдер командалары арасында ҚР кубогы жарысының іріктеу кезеңі мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Финалдық кезеңге «Қуаныш» (СҚО) және «Алтай-2» командалары жолдама алды. Кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен «Қуаныш» командасы 15 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Ал одан үш ұпайы кем өскемендіктер екінші сатыға жайғасты. Екінші жолдама үшін «Алтай-2» мен Оралдың «Грация-KZ» командалары таласқан болатын. Бұл ойында шығысқазақстандықтар айқын басымдылық (3:0) танытты. Оралдықтар 8 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, «Қуаныш» пен «Алтай-2» ұлттық лиганың алты командасымен бірге финалдық кезеңде өнер көрсетеді. Бұл турнир 24 қазан - 1 қараша аралығында Өскемен қаласында өтпек.