11:22, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралда волейболдан Ұлттық лига командаларының ерлер арасындағы 5-ші тур ойындары өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Оралда наурыздың 6-10 күндері волейболдан Ұлттық лига командаларының XVII Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы 5-ші тур ойындары өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.Бұған дейінгі соңғы 3-4 тур ойындары қаңтардың 13-17-де Петропавлда, ақпанның 8-14 күндері Атырауда өткен болатын. Төрт турдың қорытындысы бойынша бірінші орында «Атырау», екінші орында «Алматы», үшінші орында «Қазхром», төртінші орында «Конденсат», бесінші орында «Есіл» келе жатыр. «Атырау» мен «Алматы» командаларының ұпай саны саны бірдей (30 ұпай) болғанмен, 3-ші турда көш бастаған алматылықтар соңғы турда атыраулықтарға коэффициент жағынан ғана ұтылып отыр.