Оралда жабынды плита құлап, адамдар зардап шекті

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал қаласындағы саяжайлардың бірінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда жабынды плита құлап, адамдар зардап шекті

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен алынған мәліметке қарағанда, 4 сәуір күні түн жарымда «Автодорожник» бау-бақша қоғамында көрші учаскеде орналасқан құрылыстың тозығы жеткен жабынды плиталары жақын тұрған саяжай үйіне құлаған. Салдарынан саяжай үйінің қабырғалары қирап, 1999 жылғы азаматша мен 2007 жылғы қыз жарақаттанған. Олар ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 4 адам мен 1 техника барды.