Оралда жаңажылдық шыршаға 180 бала жиналды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен дәстүрлі Елбасы шыршасына 180 бала қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Облыс аудандары мен Орал қаласынан жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ оқу мен өнерде, спорт саласында табысқа жеткен 9-13 жас аралығындағы жеткіншектер ерекше сәнмен, ертегі кейіпкерлері болып киініп келді. Мерекелік көңіл-күймен олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын LED экран арқылы тыңдады.

null 

Балаларды жаңажылдық мерекемен облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтап, Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатын оқып берді. «Жаңа жылда армандар орындалсын. Ол үшін үздік оқып, ата-ана мен мұғалімдер үмітін ақтай білу керек. Ең бастысы, жалқаулыққа бой алдырмай, арман жолында алға баса беріңдер!», деді өңір басшысы.

null 

Жаңашылдық шыршада Аяз ата мен Ақшақардың, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған көріністер қойылды. Ән мен биге де молынан кезек берілді.

null 

Балалардың әрқайсысына 86 мың теңгенің сыйлығы табыс етілді. Бұл шырша тойын өткізуге 17 млн жуық теңге жұмсалды.

null 

Жаңажылдық шыршаға қатысушылар «Айдана» мейрамханасында түстік ішіп, «Funky town» орталығындағы аттрациондарды тамашалап, дискотекаға да қатысты. 

null 

Соңғы жаңалықтар