Оралда жасөспірім қыздар арасында волейболдан халықаралық турнир мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 2004-2005 жылғы жасөспірім қыздар арасында волейболдан «Еуро-Азия 2019» халықаралық турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда жасөспірім қыздар арасында волейболдан халықаралық турнир мәреге жетті

Осымен жетінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа барлығы сегіз команда (100-ден астам волейболшы) қатысып, бақ сынады. Бес күнге созылған жарыс барысында Татарстанның Набережные Челны қаласы, Өзбекстанның Хорезм облысымен қатар Қазақстаннан Теміртау, Шымкент, Ақтөбе, Орал шаһарлары мен Түркістан, БҚО командалары өнер көрсетті.

Турнир қорытындысында Оралдың «Грация-KZ» командасы жеңімпаз атанды. Теміртаулықтар - екінші, Хорезм облысы өкілдері - үшінші орынға ие болды.

Жекелеген волейболшылар арасында «Грация-KZ» командасынан Арайлым Сабырова турнирдің үздік тосқауыл қоюшысы, Диана Сапарғалиева үздік байланыстырушысы, Карина Төлегенова үздік либеросы, ал Валерия Голованова жарыстың ең үздік ойыншысы атанды.

БҚО (Ақсай) командасынан Диана Кенженова, хорезмдіктерден Нильзифор Махмудова, Теміртаудан Влада Гришина, Шымкенттен Аяулым Бегматова, Ақтөбеден Ақерке Бисекенова, Набережные Челныдан Эвелина Валиулиуллина, Түркістаннан Ақбота Пернахан үздік деп танылды.

null