Оралда жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр

None
Фото - БҚО полиция департаменті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2005 жылғы Бибол Айболұлы Әміржанов Зачаган кенті Бірлік көшесі 13-үйдегі 99-пәтерінен 15 мамыр күні сағат 13.00-де шығып кеткеннен оралмаған.

Бір күннен кейін жасы 18-ге толатын Бибол Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің 1-курсында оқиды.

«Бойы шамамен 165-170 см, арықша келген, шашы қоңыр түсті, қара көзді. Басына қара фуражка, үстіне қара свитер, ашық қоңыр түсті шалбар, аяғына ақ түсті кроссовка киген. Өзімен бірге «Самсунг Галакси А13» ұялы телефоны (абоненттік нөмірі 8-707-360-69-95) және жеке куәлігі болған. Полицияға анасы Заря Қиясова шағым түсірген. Жасөспірім бұдан бұрын да бірнеше рет үйінен кетіп қалған. Оны көрген-білген жандар болса, Зачаган полиция бөліміне, 8-711-2-50-26-83, 92-15-01 телефондарына хабарласуы сұралады», деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар