Оралда жасөспірім асулы күйінде табылды

суицид
Фото: Pexels

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында жасөспірім өзіне қол жұмсаған. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 сәуір күні болды.

«Өзінің мекенжайындағы сарайдан жасөспірімнің денесі табылды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері аталған деректі тексеруде. Тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, жасөспірім қала мектептерінің бірінде 9-сыныпта оқыған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да құтқарушыны пышақтаған күдіктінің екі айға қамалғанын жазған едік.  

Соңғы жаңалықтар