Оралда жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды

ОРАЛ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы №4 кәсіптік лицейде жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста өтіп жатқан нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес айлығы барысында ұйымдастырылған шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері сөз алып, жастардың түрлі сауалдарына жауап берді. Лицей директоры Қанат Қырықбаевтың сөзіне қарағанда, оқу орны жастары арасында нашақорлықпен есепте тұрғандар жоқ. Бірақ күштің бәрі де осы кеселдің алдын алу үшін жұмсалуы тиіс.

Жалпы, өңірде 1521 нашақор мен 182 токсикоман ресми тіркелген. Есірткіге тәуелділерді сауықтыру орталығының бас дәрігері Ерлан Шомбаловтың пікірінше, мұндай дертке шалдыққандар әлдеқайда көп. Айлық барысында осыны нақтылау үшін оқу орындарында аты-жөнін көрсетілмейтін сауалнама жүргізу ойластырылуда.

Соңғы жаңалықтар