Оралда жатақхана мен 9 қабатты үйде өрт болып, бірнеше адам құтқарылды

өрт
Фото: БҚО ТЖД

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында 26 маусым күні жатақхана мен 9 қабатты үйде өрт болып, бірнеше адам құтқарылды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ет комбинаты көшесі, 8 мекенжайында орналасқан 5 қабатты жатақханада 2 шаршы метр алаңда үй заттары мен қоқыс жанған. 

Құтқарушылар шақыру орнына келгеннен кейін жанып жатқан бөлмеде бір адамның бар екені анықталды.

Өрт сөндірушілер кіреберіс есікті ашып, 2009 жылы туған қыз баланы құтқарып, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт тез сөндірілді. 

өрт
Фото: ТЖМ

Сонымен қатар Зачаган кентінде 9 қабатты үйдің 6-қабатында орналасқан пәтерде 22 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаз отқа оранды. 

Құтқарушылар 3 адамды құтқарып, 4 адамды эвакуациялады.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылы нәтижесінде «тілсіз жау» 28 минуттың ішінде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде екі өрттің шығу себебі анықталу үстінде. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 2009 жылғы қыз бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында тексеруден өткізіліп, амбулаторлық ем алуға жіберілді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда апатқа байланысты қаланың бірқатар бөлігі жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram