Оралда жатақханадағы өрттен 45 адам эвакуацияланып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тоғыз қабатты жатақханадағыөрттен 45 адам эвакуацияланып, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда жатақханадағы өрттен 45 адам эвакуацияланып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

БҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Әнестің мәлім еткеніндей, оқиға 27 желтоқсан күні шамамен сағат 17.18-де Құрманғазы көшесі 165-мекенжайында болды.

Тоғыз қабатты жатақханада аумағы 20 шаршы метрді қамтыған №62 бөлме жанып кетті.

«Тілсіз жау» 17.47-де оқшауланып, 18.26-да ауыздықталды.

Өрт орнынан үш адам құтқарылды. Оның екеуі құтқару арқанымен, біреуі сатымен түсірілді. 45 адам қауіпсіз жерге шығарылса, соның 18-і – балалар.

Газдан уланды деген күдікпен 9 адам оқиға орнында қаралды. Соның бесеуі ауруханаға жатқызылса, оның ішінде екеуі - бала.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Өртті сөндіруге департаменттің жеке құрамы (31 адам, 10 техника) жұмылдырылды. Полиция департаментінен 15 қызметкер, 5 техника жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда шетел азаматы жүк көлігімен трассада қалып қойғанын, ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылғанын жазған

болатынбыз.

Сондай-ақ бүгін тағы бір жол жабылды.