Оралда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 18 қаңтар күні шамамен сағат 02.30-да белгісіз жүргізуші автокөлігімен Ғ.Құрманғалиев пен Орынбор көшелерінің қиылысында жаяу адамды қағып кетіп, бой тасалаған еді.

Соның салдарынан 1955 жылғы тұрғын оқиға орнында қаза тапты.

Іздестіру шаралары барысында 24 қаңтар күні осы жол-көлік оқиғасына күдікті ретінде Орал қаласының 1983 жылғы тұрғыны анықталып, қолға түсті.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жаяу жүргіншіні көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізушіні полиция іздестіріп жатқанын жазған болатынбыз.