Оралда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Бүгін Оралда автокөлік қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Оқиға Мұхит және Ықсанов көшелерінің қиылысында болды. «ВАЗ-2104» жүргізушісі қызды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге хабарлама сағат 11.21-де түскен. Медицина мамандары оқиға орнында 6 минуттан кейін болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1989 жылғы қыз жабық бас-ми жарақаты, бел омыртқасын соғып алу (көгерген) диагноздарымен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.