Оралда Жайық өзенінен өтетін көпір тағы да жөндеуге жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Орал қаласында Жайық өзенінен өтетін көпір жөндеуге жабылады.

Орал
Фото: Гид по Уральску/YouTube

Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, Жайықтың жайылмасы (Песчанное өзені) арқылы өтетін көпірге Самара-Шымкент автожолында мердігер компанияның кепілдік міндеттемелері аясында жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған. 

«Осыған байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полицияның, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ келісімімен биылғы 23 және 24 қараша күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін аталмыш көпірді уақытша жабу туралы шешім қабылданды. Автокөліктер айналма жол – Меловые горки ауылы маңындағы көпір арқылы қатынайтын болады», деп хабарлады ведомстводан. 

Бұл көпірдің бірінші рет жөндеуге жабылуы емес. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында Жайық өзенінен өтетін көпір жабылатынын жазған болатынбыз.