Оралда «Жайық ұстазы» газетінің он жылдығы аталып өтті

ОРАЛ. 10 қараша. ҚазАқпарат - Оралда өңір мұғалімдерінің басылымы - «Жайық ұстазы» газетінің он жылдығы аталып өтті.
None
None

Осыған орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда «Жырлаймыз ұстаздар мәртебесін!» атты айтыс ұйымдастырылып, оған алты мұғалім ақын қатысты. Газеттің бас редакторы Ақмаржан Таубаева айтыстың деңгейі жоғары болғанын атап өтті.

Айтыс қорытындысында оралдық Талғат Мықи жеңімпаз атанса, тағы бір оралдық Мұрадым Мирланов бірінші орынды еншіледі. Ақжайықтық Айнабек Бисенғалиев пен жәнібектік Назгүл Кәрімова - екінші, теректілік Гүлнәр Сариева мен қазталовтық Медет Жанболатов үшінші жүлдені иеленді.

Айтыс барысында облыс мұғалімдері қатысқан «Үздік сабақ» байқауының қорытындылары да жария етілді. Мұнда теректілік Шынаргүл Жанғалиева жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар