18:04, 06 Мамыр 2023 | GMT +5
Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 мамыр күні сағат 09.21-де Қ.Мусин көшесі бойында болды.
«№4 қалалық емхана маңында жедел жәрдем көлігі отқа оранды. Автокөлік газбен жабдықталған, өрт сөндіру құралы қолданылған. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жаудың» таралуы 09.41-де оқшауландырылып, сағат 09.45-те ауыздықталды. Жыл басынан облыста 29 автокөліктің өртенгені тіркелген», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да күшті жел ғимараттар шатырын жұлып әкеткенін жазған болатынбыз.