Оралда жеке тұрғын үй өртенді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 30 қаңтар күні Дәулеткерей көшесі 133-мекенжайында болды.
Сағат 06.55-те тұрғын үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Аумағы 100 шаршы метр құрайтын үйдің төбе жабындары мен шатыры отқа оранды.
Өртті сөндіруге 26 қызметкер 7 техникамен қатысты. Соның нәтижесінде «тілсіз жау» сағат 08.08-де ауыздықталды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да өртенген тұрғын үйден 8 газ баллоны шығарылғанын жазған болатынбыз.


