Оралда желдің әсерінен тағы бір адам жарақат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда күшті желдің әсерінен тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда желдің әсерінен тағы бір адам жарақат алды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, кеше Алматы көшесінде үйдің төбесінен профлист құлап, 37 жастағы ер адамның басынан соққан. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қалада сондай-ақ №43 және №45 орта мектептің, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі және басқа ғимараттардың шатырларының бөліктері ұшқан. Теректер құлап, электр желілері үзілді.

nullОблыс аудандарында да осындай оқиғалар болды. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

nullБҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі шығындар есептеліп жатқанын, толық мәлімет кейін берілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, кеше қатты желдің салдарынан 10 жасар қыздың жарақат алғанын жазған болатынбыз.

null