Оралда жер алып беремін деп, жәбірленушілерден 1 млн. астам теңге жымқырған әйел сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен А.Сарбалина ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен (алаяқтық) айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге оның екі жылға бас бостандығы шектелді.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотталушы 2014 жылдың желтоқсаны мен 2015 жылдың ақпанында төрт адамға Оралдан жер телімдерін алып беруге көмектесемін деп, ақшаларын жымқырған да, тайып тұрған. Сөйтіп жәбірленушілерге 1 млн.-нан астам теңге залал келтірген.

Сот талқысында аталған әйел кінәсін толық мойындады.

Сот үкім шығарған кезде сотталушының айыбын мойындап, өкінгендігін, оның жасын, тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген оң мінездемені ескерді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар